Желіде марқұм ағасына өлең оқыған кішкентай қыз жұртты жылатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео Ақшолпан есімді TikTok қолданушысының парақшасында жарияланды. Кадрда бастауыш сыныбын тәмәмдап тұрған оқушы қыз, өмірден өткен ағасына арнап өлең оқыды.
Достарыңның армандары әрі асып,
Жүруші еді, ағатайым жарасып.
Дәулет ағам көктен қарап, тұр бүгін
Аруағы күн нұрымен таласып.
Қайран ағам, марқайушы ем өзіңмен,
Үлгі алушы, ел өзіңнен, сөзіңнен.
Бір бойында сан өнері тоғысып,
Жаралайды табанымның түбінен.
Мезгіл жетпей, жырақтадың тосыннан,
Ауыр тиді жырақтауың тосыннан.
Дәулет аға, жарық болсын тұрағың
Шырақ болсын имандары қосылған!
Ағажан жүріп келем ізіңменен,
Саған ұқсап білімді тізгіндегем.
Ала алмаған асуыңа егер шықсам
Жеңісімді арнайын өзіңе мен, - деп қарындасы ағасына арнау оқыды.
@aqsholpan74 Алтынай жиеннің марқұм болған ағасына арнауы...
♬ оригинальный звук - Ақшолпан
Желі қолданушылары оқушы қызды қолдап, пікір қалдырды.
"Жаным дірілдеп тұрған дауысынан", "Танымасамда жүрегімді елжіретіп жібердіғо" "Барша жанды жылаттың ау", "Балапаным жұдырықтай жүрегіңнен айналдым", "Өте ауыр балапанның жүрегіне көп салмақ болып жатыр ғой", "Жаным, жарығым жылап қалдық-ау, ағаңның жатқан жері жарық болсын құлыным", "балапан ағаң саған көктен қарап тұрған шығар", - деп жазды олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!