Әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өмірден өткен әкесін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі марқұм әкесімен түскен видеосын жариялап, әсерлі жазба арнады.
"Осыдан тура 1 жыл бұрын, 7 тамызда әкем өмірден өтті. Жатқан жеріңіз жайлы, иманыңыз жолдас болсын, әке. Мына видео екеуміздің соңғы кездесуіміз екенін сол кезде білмедім", - деп жазды әнші.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз