- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Соңғы кездесуіміз екенін...
"Соңғы кездесуіміз екенін білмеппін". Айгүл Иманбаева марқұм әкесіне әсерлі жазба арнады
Фото:
Әлеуметтік желіден
Әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өмірден өткен әкесін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі марқұм әкесімен түскен видеосын жариялап, әсерлі жазба арнады.
"Осыдан тура 1 жыл бұрын, 7 тамызда әкем өмірден өтті. Жатқан жеріңіз жайлы, иманыңыз жолдас болсын, әке. Мына видео екеуміздің соңғы кездесуіміз екенін сол кезде білмедім", - деп жазды әнші.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы