Қазақстаннан шетелге 184 миллиард теңге көлемінде қаражат аударылды. Көрсеткіш 2014 жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 39 пайызға жоғары.
Сонымен қатар, транзакция көлемі де 934 мыңнан 1,3 миллионға дейін көтерілген. 7 айдың қорытындысына сәйкес, ақша айналымының орташа статистикалық көрсеткіші 139,7 мың теңгені құрады. Бұл былтырдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2 мың теңгеге аз.
Ақша айналымы нарығында 15 жүйе жұмыс істейді.
Елімізден ақша аудару бойынша ең жоғары өсім Contact тіркеген. 7 айда бұл жүйе арқылы 38,1 миллиард теңге аударылған.
Нарықтағы жүйенің үлесі 11,6%-дан 20,7%-ға көтерілді.
Екінші орында - «Золотая корона». 2015 жылдың жеті айында аударылған қаражат көлемі - 55,0 миллиард теңге. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға жоғары.
Үшінші орынды «Блиц» иеленген. Қаңтар – шілде айында 11,3 миллиард теңге аударған. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 4,5 есе көп. Нарықтағы жүйенің салыстырмалы салмағы 1,9%-дан 6,2%-ға көтерілді.
Дереккөз: Вaq.kz