- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Соңғы хаты табылған"....
"Соңғы хаты табылған". Ақтөбеде 17 жастағы бойжеткен көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетті
Ақтөбеде 17 жастағы бойжеткен көпқабатты үйдің шатырынан секіріп көз жұмды. Оқиға орнынан марқұмның соңғы хаты табылған, бірақ онда не жазылғаны әзірше беймәлім, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға қала шетіндегі ықшам аудандардың бірінде болды. Қыздың биіктен секіргенін көпшілік көрген. Тіпті бейнебақылау камерасына да түсіп қалыпты. Жерге құлап бара жатқанда сол маңнан өтіп бара жатқан оқушы бала да бұл сұмдықты көрген. Өмірден баз кешкен бойжеткен колледждердің бірінің студенті екен. Отбасы осы үйде тұрады. Оның өзіне қол салуына не себеп болғанын тәртіп сақшылары ашып айтпады.
"Полиция суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бүгін сағат 14:00-де Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабындағы көпқабатты үйдің кіреберісінің алдында 2007 жылы туған қыздың мәйіті табылды. Алдын ала тергеуде оның үйдің шатырынан секіргені анықталды. Қыздың соңғы хаты бар", - деді Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан