- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сондай кезеңнен өттік"....
"Сондай кезеңнен өттік". Салтанат Бақаева енесімен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты
Танымал әнші Салтанат Бақаева "1001 түн" бағдарламасында енесімен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, енесі екеуін көпшілік ұқсатады.
"Кейде тамақ пісіруге үлгермегендіктен енем пісіреді, кейде көмекшім істейді. Енем балаларыма қарап, көмектесіп тұрады. Енеме рахмет ретінде сыйлық беремін, әңгімелерін тыңдаймын. Махаббатты міндетті түрде сыйлықпен ғана білдіру міндет емес қой. Енем өнерлі, ән айтады, қолөнерді жақсы көреді. Өзімді енеме ұқсатамын, мұны көпшілік те жиі айтады. Бізде де қиын кезең болды. Одан да өттік, шүкір. Бір-бірімізге сыйластығымыз арта береді", - деді ол.
Әнші бөлек шығу туралы ойын айтты.
"Бөлек шығу туралы әңгіме болмады. Себебі жолдасым жалғыз ұл және кенжесі болғандықтан бірге тұрамыз. Жөндеу жұмыстары кезінде бөлек тұрып көрдік. Бірақ маған қиын болды. Себебі гастрольдер көп. Сондай сәтте кемшін тұстар білініп қалады. Жолдасым кәсіпкер, сол қызметімен айналысады",- деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы