- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сонда әдемі емеспін...
"Сонда әдемі емеспін бе?" Аша Матай күйеуі Арман Қоңырды қандай қасиеттерімен баурап алғанын айтты
Актриса, тележүргізуші Аша Матай күйеуі Арман Қоңырды қылығымен және шынайылығымен баурап алған. Ал күйеуі өзінің өмірлік ұстанымымен тәнті еткен. Ол мұны НТК телеарнасындағы Taboo бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Білмеймін, менің ойымша, өзінің өмірлік ұстанымымен деп ойлаймын. Тіпті менің құрбым Малика да "Неге ол саған ұнайды?" деп сұрайтын. "Білмеймін, меніңше, ол өзімшіл, әдемі жігіт" дедім. Мен өзім алдын ала сондай ой түйдім, бірақ өзім онымен сол бағдарлама арқылы сөйлесе келе, Алла тағаланың өзінің жоспарын қарамайсыздар ма, менің ойым қандай болды, содан кейін 100 пайыз өзгерді. Мен онымен сөйлескен уақытта, шай ішіп, әңгіме-дүкен құрған уақытта мүлдем басқа адам екенін сезіндім", - деді Аша Матай.
Ол сонымен бірге күйеуін қандай қасиеттерімен баурап алғанын да айтып берді.
"Қылығыммен" дейді. "Қылықтысың" деген әңгімесі бар. "Сен қылықтысың, сондай шынайысың, ұнаса - ұнайды деп айтасың, ұнамаса - ұнамайды деп айтасың. Бетке сөйлейтінім бар енді. "Қалай бар - солай айтатынындығың баурады", сосын мейірімділігің" дейді. Сосын мен "Мен сонда әдемі емеспін бе?" десем, "Жоқ, онсыз да сұлусың, бірінші кезекте соған назар аудардым", - деді ол.
Аша Матай бұған дейін "Қалаулым" бағдарламасын жүргізбеу үшін өзіне қомақты ақша ұсынғандар болғанын айтқан еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан