- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сомнолог ұйқы бұзылуының...
Сомнолог ұйқы бұзылуының ең көп тараған себептерін атады
Ұйқысыздықтың ондаған себептері болуы мүмкін, бірақ 90% жағдайда бұл стресстік жағдайлар мен өмір салтының бұзылуымен байланысты. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, сомнолог София Черкасова айтты. Ол Lenta.ru сайтына берген сұхбатында ұйқының бұзылуының жиі кездесетін себептерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маман ұйқының сапасының нашарлауына әкелетін өмір салтының бұзылуын тұрақсыз кесте (адам төсекке жатып, әр түрлі уақытта тұрғанда), артық кофеин және үйдің ішінде уақыт өткізумен байланыстырады.
Дәрігердің айтуынша, түннің бір уағына дейін смартфонда отыру әдеті де ұйқыға кері әсер етеді. Өйткені бұл үлкен ақпараттық жүктеме түсіреді. Сонымен қатар, ашық көк жарық ұйықтап кетуге кедергі келтіреді.
Өмір салтына байланысты проблемалардан басқа, ұйқыға аурулар, сондай-ақ гормоналды теңгерімсіздік және кейбір дәрі-дәрмектерді қолдану әсер етуі мүмкін.
"Ұйқыңыз бұзылса, ұйқы гигиенасының әдеттегі ережелерін сақтай отырып, оны үш-төрт апта бойы өз бетіңізше қалпына келтіруге тырысуға болады. Ұйықтар алдында сегіз сағат бұрын кофеиннен бас тартыңыз, үнемі жаттығулар жасаңыз, жеткілікті қатаң режим ойластырып ерте жатып, ерте тұрыңыз. Жұмыс күндері оятқыштың көмегіне жүгініңіз. Ал демалыс күндері жұмыс күнге қарағанда 2 сағат қана артық демалу қажет", - дейді сомнолог София Черкасова.
Көп жағдайда ұйқыны өмір салтын өзгерту арқылы жақсартуға болады. Егер бір ай ішінде ол нәтиже бермесе, сіз маманға хабарласып, себептерін іздеуіңіз керек. Себебі ұйқының бұзылуына өзге де аурулар әсер етуі ықтимал.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Зинешов