Жұмыс күндері қанбаған ұйқыны демалыс күндері қандыруға тырысу ағзаның жағдайын жақсартпайды, керісінше, бас ауруын тудыруы мүмкін. Бұл туралы сомнолог Алексей Мелехин айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Пятый каналға" сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, демалыс күндері ұйқыны қандыруға тырысу "әлеуметтік джетлаг" деп аталады. Бұл әдеттің ұзақ уақыт бойы қайталануы адамның физикалық және психикалық денсаулығының бұзылуына қауіп төндіреді.
"Адам үнемі жұма, сенбі, жексенбі күндері ұйқысын қандыруға тырысатын болса, бұл "дүйсенбі" феноменіне алып келеді. Яғни дүйсенбі күні бас ауруы, когнитивті өзгерістер, ашуланшақтық байқалады", - деді маман.
Алексей Мелехин адам апта бойы сапалы ұйықтау қажетін жеткізді. Жұмыс күндері жылдам ұйықтап кету үшін гаджеттерді пайдалануды мүмкіндігінше ертерек қою керек, бұл уақытты серуендеуге арнаған дұрыс.
Сонымен қатар оянғаннан кейін қолыңызға бірден ұялы телефонды алмаңыз. Маман ұйқыдан тұрғаннан кейін жеке уақыт өткізуге немесе сүйіктіңізді құшақтап жатуға кеңес береді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз