- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сөмкесін абайсызда тастап...
"Сөмкесін абайсызда тастап кеткен". Астанадағы аялдамада ұрлық жасаған әйелдің әрекеті видеоға түсіп қалды
Астанадағы аялдамада ұрлық жасаған әйелдің әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күндізгі уақытта қыз қоғамдық аялдаманың орындығына отырып, автобусты күткен. Қажет автобус келгенде, ол жүгіріп кетіп, сөмкесін абайсызда қалдырып кеткен.
Қасында отырған әйел бұл жағдайды пайдаланып, сөмкеден қолма-қол ақшаны ұрлаған. Аялдамада сөмкесін ұмытып кеткенін білген қыз қайта оралған, бірақ әмиянынан 15 мың теңге көлемінде ақша жоғалып кеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Сарыарқа ауданы ПБ полиция қызметкерлері қаланың 60 жастағы тұрғынын анықтады. Бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар қаскүнемді әшкерелеуге көмектесті.
Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйел мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина