"Қазгидромет" 19 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның басым бөлігінде айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді. Елдің солтүстігінде кей жерлерде қар жауып, бұрқасын соғады. Батыс пен орталықта тұман түсуі мүмкін, ал оңтүстікте ауа райы жылы болады., деп хабарлайды Massaget.kz.
