Солтүстікте әлі де суық болады, оңтүстікте күн жылынады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 17, 18, 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көктайғақ, боран, жел

Алдағы үш тәулікте Орал таулары маңынан жылжып келе жатқан циклон Қазақстан аумағы арқылы өтіп, жауын-шашын жауып, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады. Алайда 18 ақпаннан бастап еліміздің солтүстігінде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды.

Ауа температурасы

Ауа температурасына Қара теңіз маңынан жылжып келе жатқан кезекті циклон әсер етеді. Сондықтан:

  • Республиканың солтүстігінде түнгі уақытта ауа температурасы 18-23 градус аязға дейін төмендейді.
  • Оңтүстік өңірлерде керісінше күндіз ауа температурасы 15-20 градус жылыға дейін көтеріледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!