Қазгидромет 17, 18, 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көктайғақ, боран, жел
Алдағы үш тәулікте Орал таулары маңынан жылжып келе жатқан циклон Қазақстан аумағы арқылы өтіп, жауын-шашын жауып, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады. Алайда 18 ақпаннан бастап еліміздің солтүстігінде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды.
Ауа температурасы
Ауа температурасына Қара теңіз маңынан жылжып келе жатқан кезекті циклон әсер етеді. Сондықтан:
- Республиканың солтүстігінде түнгі уақытта ауа температурасы 18-23 градус аязға дейін төмендейді.
- Оңтүстік өңірлерде керісінше күндіз ауа температурасы 15-20 градус жылыға дейін көтеріледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова