Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға тағы қоқысқа толы әуе шарын ұшырды

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға тағы қоқысқа толы әуе шарын ұшырды
Фото: Видео кадры

Солтүстік Корея оңтүстіктегі бауырлас еліне тағы қоқыс толы шар ұшырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Оңтүстік Кореяның "Йонхап" ақпарат агенттігі хабарлады. Күнгей елдің әскерилері тұрғындарға жерге құлаған шарларға жақындамауға кеңес берген. Әрі мұндай жағдайды бірден билік өкілдеріне айтуға шақырды. Жалпы Корей Халық Демократиялық Республикасы Оңтүстік Кореяға 28 мамыр мен 2 маусым аралығында 15 тонна қоқыс салынған шар жіберген.

Еске салайық, бұған дейін де Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға тағы қоқысқа толы әуе шарларын ұшырған еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек