Солтүстік Қазақстанда тағы бір елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланып жатыр

Солтүстік Қазақстанда тағы бір елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланып жатыр
Фото: СҚО ТЖД

Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты үлкен Малышка ауылындағы тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. Осыған байланысты халық пен ауыл шаруашылығы жануарларын эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

СҚО ТЖД мәліметінше, өңірде 1751 (+65) үйді су басқан. 1713 (+65) үйлер су астында қалды.

"Барлығы - 7477 (+79) адам эвакуацияланды, оның ішінде балалар - 1852 (+12), мүгедектер - 59 (+2), жүкті - 1. 7433 (+79) адам эвакуацияланды, оның ішінде 1844 (+12) бала. Эвакопунктте - 1308 адам бар, оның ішінде 237 бала. Туыстарында - 6125 (+79) адам, оның ішінде 1607 (+12) бала бар", - деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, 3805 (+276) ауыл шаруашылығы жануарлары: ірі қара мал - 764 (+114), ұсақ мал - 2189 (+136), шошқа - 394 (+6), жылқы - 458 (+20) эвакуацияланды. Су басқан аула аумақтары 1115.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә