Солтүстік Қазақстан облысында жоғары сынып оқушысы мектеп дәретханасында сірке суын ішіп қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқыс жағдай Айыртау ауданындағы орта мектепте болған. 16 жастағы оқушы сабақта дәретханаға сұранып шығып, сірке суын ішіп қойған. Кейін оны мектеп қызметкерлері тауып алған.
Ауыр жағдайдағы жәбірленуші шұғыл түрде ТЖМ тікұшағымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
"Айыртау ауданы Гусаковка ауылынан облыс орталығындағы медициналық мекемеге жедел санитария рейсі ұйымдастырылды. Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді, кәсіби әрекетінің арқасында науқас дәрігерлерге табысталды", - деп жазылған өңірлік ТЖД хабарламасында.
Қазір қыз облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Облыстық Полиция департаменті бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз