Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірде "болашағы жоқ" қанша ауыл барын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, өңірде адам өте аз тұратын ауылдарды жабу мәселесі бар. Бірақ оны біртіндеп шешу керек.
"Әкімшілік-аумақтық бөлініске, заңға, ережеге сәйкес келмейтін көптеген ауыл бар. Бүгінде 635 елді мекеннің ішінде 50 адам тұратын 125 ауыл, ал 10 адам тұратын 39 ауыл да бар. Бүгінде оларды жабуға қатысты мәселе бар. Бірақ оған өте мұқият қараймыз. Ондағы тұрғындармен, адамдармен және кәсіпорын басшылармен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл мәселеге өте жауапты қарау керек", - деді Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!