Солтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше учаскеде көлік қозғалысы шектелді

Солтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше учаскеде көлік қозғалысы шектелді
Фото: Tengrinews.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше учаскеде көлік қозғалысы шектелді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында жолдың жабылуына байланысты 2024 жылғы 11 қазанда сағат 19:30-дан бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында көліктің барлық түрінің қозғалысына келесі автожолдардың учаскесінде шектеу қойылады:

  • А-1 "Астана – Петропавл" жолының 341-367-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Келлеровка ауылына дейін);
  • А-13 "Көкшетау – Омбы" жолының 50-54-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Чкалова ауылына дейін); 
  • Р-11 "Көкшетау – Рузаевка" жолының 61-91-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Айыртау ауданы Саумалкөл ауылына дейін).

Еске салайық, бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты Астана – Көкшетау тасжолы жабылғанын хабарлаған едік.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан