- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Солтүстік Қазақстан облысында...
Солтүстік Қазақстан облысында шамамен 3 мың үй әлі су астында - әкімдік
СҚО-да 3 мыңға жуық үй әлі су астында. Бұл туралы СҚО әкімі аппаратының Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол облыста тасқын қаупі сейілгенін атап өтті.
"Табиғи апат салдарынан 3 898 үйді су басты, 2 830 үй әлі су астында. Барлығы 14 388 адам эвакуацияланды, 5 567 адам үйіне оралды, ал 8 821 адам эвакуациялық пунктерінде.
Тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы беру үшін арнайы құрылған комиссияға 3 897 өтініш түсті. 100 АЕК (369 200 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) көлеміндегі бірыңғай әлеуметтік төлемді 3 447 адам алды. Жалпы төленген қаржы – 1 млрд 271 млн теңге", - деді Серік Ғайсин ОКҚ-да өткен брифингте.
Оның айтуынша, бүгінде Кожевенный и Подгора ауылдарында қалпына келтіру жұмысы басталған.
Жалпы өңірде тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 500 үй салынады.
"Солнечный-2" шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салынып жатыр. 10 жергілікті құрылыс компаниясы "Қазақстан халқына" қорының қаражатына 100 үйді салуда.
Сонымен қатар Kaspi АҚ - 300 үй, Kazakhmys корпорациясы 100 үй салады. Осылайша, жаңа шағын ауданда тасқыннан зардап шеккендерге арналған барлығы 500 үй салынады. Күн суығанға дейін барлық жұмыс аяқталады", - деп сендірді бөлім басшысы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен