- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Солтүстік Қазақстан облысында...
Солтүстік Қазақстан облысында мас күйінде көлік айдаған әкім ұсталып қалды
Солтүстік Қазақстан облысында мас күйінде рөлге отырған әкім қызметінен уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде Солтүстік Қазақстан облысы Чкалов ауылдық округінің әкімі мас күйінде рөлге отырғаны және сол үшін 15 тәулікке қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады.
Құрамына Чкалов ауылдық округі кіретін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов қарамағындағы қызметкердің рөлге мас күйінде отыруына байланысты қамауға алынғанын растады.
"Мұндай оқиғаның болғаны рас. Ақпарат расталды. Ол жұмыстан босатылған жоқ, менің бұйрығыммен қызметінен шеттетілді", - деді Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан