Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері мектеп автобусын мас күйде басқарған жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақжар ауданында тәртіп сақшылары мектеп автобусын тексерді, онда 10 және 12 жастағы екі оқушы, сондай-ақ мұғалім болған.
"Жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрды. Медициналық куәландыру оның мас күйде екенін көрсетті", - деп хабарлады полиция.
Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша материал жиналды.
Сот шешімімен 45 жастағы жүргізуші 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз