Бүгін, 14 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында Чермошнянка ауылының жанында жүк көлігі өртенді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт аз уақыт ішінде сөндірілді.
"Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ведомство азаматтарға автомобиль электр сымдарының жарамдылығын тексеру қажет екенін еске салды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!