- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Солтүстік Қазақстан облысында...
Солтүстік Қазақстан облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Солтүстік Қазақстан облысында мемлекетке жер учаскелері қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Жер қатынастары саласындағы талдау жер учаскелерін конкурстан тыс заңсыз беруден, оларды ұзақ уақыт пайдаланбаудан, сондай-ақ олар үшін меншік құқығын сатып алуды төлемеуден көрінетін өрескел бұзушылықтарды анықтады.
Мысалы, Есіл, Уәлиханов, Шал ақын, Тимирязев аудандары мен Петропавл қаласының жер пайдаланушыларымен Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабын (бұдан әрі - Кодекс) бұза отырып, 65 жер учаскесі жалпы ауданы 8,5 мың га ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.
Осыған қарамастан жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары бұл жерлерді алып қою үшін тиісті шаралар қолданбаған.
Басқа жағдайда, Айыртау ауданы әкімдігі мен Петропавл қаласы жер қатынастары бөлімдерінің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жасалған шарттар бойынша талаптарына қайшы, жер пайдаланушылардан бюджетке меншік және жалға алу құқығын сатып алу үшін сомасы 94 млн. теңге берешекті өндіріп алу шараларын қолданбаған.
Бұл ретте Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі Кодекс талаптарын бұза отырып, жеке және заңды тұлғаларға конкурстан тыс 6 жер телімін берген.
Қадағалау органының актілері бойынша 6 лауазымды тұлға, оның ішінде Петропавл қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мемлекетке сомасы 44 млн.теңгеге келтірілген залал өтелді, жалпы кадастрлық құны 180 млн. теңгеден асатын 20 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина