- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Солтүстік Қазақстан облысында...
Солтүстік Қазақстан облысында жәрдемақыны заңсыз алғандар анықталды
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары әлеуметтік жәрдемақыларды заңсыз алу фактілерін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуына талдау жасай отырып, әлеуметтік төлемдерді төлеуде заңбұзушылықтарды анықтады.
Әлеуметтік Кодекстің 71-бабына сәйкес үштен астам бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы түрінде әлеуметтік қорғау көзделген.
Кодекстің белгіленген талаптарына қарамастан, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты бар 8 шетелдік отбасыға басқа елге кету себебінен олармен бірге тұрмаған балалар үшін әлеуметтік жәрдемақы төленген.
Бұл жағдай туралы уәкілетті орган хабардар етілмеген, нәтижесінде 5 млн теңгеден астам сомаға артық қаражат төлеуге жол берілген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша осы отбасыларға төлемдер тоқтатылды, алушылардан алынған жәрдемақыларды ерікті түрде өтеу туралы міндеттемелер алынды.
Бұдан былай мұндай фактілерді болдырмау мақсатында әлеуметтік қорғау органдары азаматтардың мемлекеттік шекарадан өтуі туралы деректермен алмасу бөлігінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөнінде шаралар қабылдайды.
Заңбұзушылықтарды жою процесі қадағалау органының бақылауында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина