• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Солтүстік Қазақстан облысында әкесі мен балалары тірідей жанып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында әкесі мен балалары тірідей жанып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік өрт кезінде бүтін бір отбасы - әкесі мен балалары тірідей жанып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылында болды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, үйде бес адам - әкесі мен төрт баласы тұрған. Ер адам балаларын жалғыз өзі баққан, оның әйелі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған көрінеді. Төрт адамның қаза тапқаны белгілі болды.

"Түнде 112 пультіне Ступинка ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Құтқарушылар өртті сөндіріп жатқан кезде төрт адамның мәйітін тапты, олардың жеке басы анықталып жатыр. Отбасының тағы мүшесі іздестіріліп жатыр", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Оның айтуынша, қазір өрт ауыздықталған, сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

"Алдын ала мәлімет бойынша өрт 104 шаршы метр аумақты шарпыған, себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Жомарт Асқаров жүр", - деп хабарлады Евгений Журавлев.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лес