Солтүстік Қазақстан облысында 570 келі есірткі тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысында 570 келі есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл өңірде есірткі заттарымен байланысты 202 қылмыстық құқықбұзушылық анықталды. Тиісінше 570 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов қадағалау органының үйлестіруімен психоактивті заттарды зерттеуге арналған және синтетикалық препараттар бойынша жоғары дәлдік пен жедел зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа үлгідегі құрылғылармен жабдықталған зертхананың ашылғанын атап өтті.

Интернет-ресурстар арқылы есірткі және психотроптық заттардың таралуын болдырмау мақсатында әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Мысалы, қыркүйек айында Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің алаңында облыс прокуратурасының басшылығы орта арнаулы білім беру ұйымдарының оқушыларымен (300 адам қамылды) есірткі заттарын тұтынудың және таратудың алдын алу бойынша кең ауқымды кездесу өткізді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!