Солтүстік Қазақстан облысында 20 бас ұсақ мал жүк пойызының астына түсті , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының Уголки – Саумалкөл аралығында жүк пойызының машинисі темір жолдарда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 20 ұсақ мал пойыз астына түсті. Пойыз 34 минутқа тоқтап қалды.
Тексеру барысында үй жануарларының иесі болып табылатын Солтүстік Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны анықталды. Құқықбұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559- бабы 1-бөлігімен ("Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!