Солтүстік Қазақстан облысында 14 жастағы қыз зорланған. Полиция осы іс бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, 15 ақпанда СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Булаев қаласындағы үйлердің бірінде 14 жастағы қыз зорланғаны туралы хабарлама түскен.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-тармағы 3-1-бөлігі "Зорлау" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
"23 жастағы Булаев тұрғыны анықталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, істің мән-жайын зерттеуге бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәтижелері бойынша заңды процестік шешім қабылданады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!