- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Солтүстiк Қазақстан мен...
Солтүстiк Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облысының байланысы нығайды
Өңiр басшысы Даниал Ахметов бастаған Шығыс Қазақстан облысының делегаттар тобы Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келдi. Бұл туралы Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсында жарияланды.
Солтүстiк өңiрiмен танысу жұмыстары «Green park» демалыс орнынан басталды. Бұл демалыс аймағы былтырғы жылдың желтоқсан айында ашылған болатын. «Green park» аумағында монша, бассейн, күркелер, амфитеатр, балалар ойын алаңы орналасқан, ал қысқы уақытта бұл жерде шаңғы және шананы жалға алуға болады.
Әрi қарай қонақтар Спорт сарайына барды. Делегаттар тобы жеңiл атлетикалық манеж бен хоккей кортында болып, солтүстiкқазақстандық спортшылардың оқу-жаттығу барысымен танысты.
Конференц-залда қос облыс өкiлдерiнiң қатысуымен екiжақты кездесу өттi. Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов қонақтарды қарсы алған соң, Шығыс Қазақстан облысы Солтүстiк Қазақстан үшiн iрi өндiрiстiк қуатқа ие, маңызды сауда-экономикалық әрiптес екенiн атап өттi.
«Шығыс Қазақстан облысынан жыл сайын 12%-ға дейiн (3,5 млрд.теңге) өнiм бiздiң өңiрге тасымалданады. Бұлар негiзiнен автокөлiк, ауыл шаруашылығы саласына қажеттi тракторлар, ет және субөнiмдер, құрылыс материалдары», — дедi Ерiк Сұлтанов.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың маусым айында Солтүстiк Қазақстан облысының Өскемен қаласына жұмыс сапары барысында екi жақты ынтымақтастықтың қарқынды дамуына мүмкiндiк беретiн келiссөздер жасалған болатын. Кездесу аясында табысты келiсiмдер жасалып, тараптар бiрқатар құжаттарға қол қойған болатын. Осы уақыт аралығында кәсiпорындары жалпы сомасы 60 млн. теңгеден астам қаражатқа келiсiм-шарт жасаған.
«Мұндай кездесулер ынтымақтастықты дамытуға үлкен мүмкiндiк бередi. Солтүстiк Қазақстан өңiрi бұл байланысқа қызығушылық танытып отыр. Өңiраралық байланыс нығайған сайын, өңiрлердiң экономикалық әлеуетi де қарқынды түрде дамитын болады», — дедi Ерiк Сұлтанов.
Өз кезегiнде Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Даниал Ахметов бүгiнгi кездесу өңiрлер арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңi екенiн атап өттi.
«Солтүстiк Қазақстан облысы агротехниканың үздiк үлгiлерiн көрсетуде. Мен солтүстiкқазақстандық шаруалар әлемдiк ауыл шаруашылық саласында бәсекеге қабiлеттi екенiне күмәнiм жоқ. Солтүстiк Қазақстан облысының индустриялық өндiрiс кешенi бәсекеге қабiлеттi және сапалы азаматтық қана емес әскери-технологиялық мақсаттағы өнiм де өндiредi. Шығыс Қазақстан — елiмiздiң индустриалды орталығы. Бiздiң өңiрде мақтануға тұрарлық инновациялық технологиялар бар. Өңiр байланыстарын сақтап, дамыту үшiн қазiрден бастап инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды екiжақты ынтымақтастық шараларына қосу қажет», — дедi Даниал Ахметов.
Әрi қарай екiжақты ынтымақтастықтың болашағы туралы қатысушыларға Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлiк және туризм басқармасының басшысы Евгений Глотов ақпарат берiп өттi.
«ПАМЖЗ» АҚ 2016 жылы «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-мен жылытқыштарды жеткiзу жөнiнде келiсiм-шарт жасаған болатын. 2016 жылы «Мұнаймаш» АҚ «АрбатВостокСервис» ЖШС үшiн шайқау машиналарын шығарды. «Қазмұнайгазмаш» АҚ келiсiм компаниясы «Арм Сауда» ЖШС-мен тиектi арматура жеткiзу бойынша келiсiм жасады», — дедi Евгений Глотов.
Ауыл шаруашылығы саласында, нақты айтсақ, маркетинг, брендтеу, бал шаруашылығының дайын өнiмiн өткiзу, күнбағыс дәнiн жеткiзу бойынша да ынтымақтастық жасалған. Сауда саласын дамытудың да жақсы мүмкiндiктерi бар. Солтүстiк өңiрiнiң кәсiпорындары Өскемен, Семей сауда жүйелерiнде өз өнiмдерiн өткiзедi. Бұдан бөлек, СҚО-да тұрақтандыру қорын құру мақсатында көтерме саудамен айналысатын кәсiпорындар ШҚО-ның тауар өндiрушiлерiнен өсiмдiк майын сатып алуда.
Екiжақты ынтымақтастық тақырыбын одан әрi Шығыс Қазақстан облысының кәсiпкерлiк пен индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысының мiндетiн атқарушы Мақсат Мүсәпiрбеков жалғастырды. Өз баяндамасында мекеме өкiлi индустриалды кластерге үлкен назар аударды.
«Шығыс Қазақстан облысының өндiрiстiк әлеуетi зор, сондықтан тек қана Қазақстанның өңiрлерiне ғана емес ТМД елдерi мен алыс шет ел нарығына шығуға мүмкiндiк бередi. Тұрғындардың өмiр сүру деңгейiне әсер ететiн салалардың ең маңыздысы — өндiрiс саласы және ол ЖӨӨ-нiң 29,6 %-ын, сауданың 14%-ын, ауыл шаруашылығының 9,6 %-ын құрайды. Өндiрiс өнiмiн өндiру көлемi жыл сайын артып келедi. Соңғы 10 жылда 2,5 есеге артқан. 2015 жылы өндiрiс өнiмiнiң көлемi қолданыстағы баға бойынша 1 триллион 21 миллиардты құрады. Физикалық көлем индексi 92,6 пайыз. 2016 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша өндiрiстiк өнiм көлемi 927 миллиард теңгенi құрады», — деп атап өттi Мақсат Мүсәпiрбеков.
Кездесу барысында сөз сөйлеген «Петропавл трактор зауыты» БК» ЖШС-ның бас директоры Сергей Шинкаренко қонақтарға солтүстiкқазақстандық «Батырды» таныстырды.
«Бүгiнгi таңда бiз бұл тракторларға екпе кешенiн жасап жатырмыз. Бұл жұмыстарды қараша айында аяқтаймыз деп ойлаймын. Жыл соңына дейiн тағы 10 трактор шығарамыз. Алдағы уақытта зауыт жылына 100 техника жасауы қажет. Бiз өз өнiмiмiздi ШҚО-ға тасымалдауға әзiрмiз. Қанша қажет болса, соншасын жеткiземiз. Елiмiздiң аграрлық өңiрi ретiнде бiздi ең алдымен өнiмнiң сапасы, бағасы мен сапасының сәйкестiгi, жөндеуге жарамдылығы, кез келген климаттық ортада жұмыс iстеу мүмкiншiлiгi қызықтырады. Аталған талаптың барлығына бiздiң «Батыр» сай», — дедi Сергей Шинкаренко.
Машина жасау саласы бойынша өзара тиiмдi ынтымақтастық жөнiнде «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС директоры Асемқан Досқожанов ақпарат берiп өттi.
«Бiз автобустардың 5 моделiн шығарамыз. Кәсiпорын жылына кем дегенде 1000 автобус шығарады. Бұл көрсеткiш бiз Қазақстанды түгелдей бағасы бойынша қытайлық, ал сапасы бойынша еуропалық автобустармен бәсекелесе алатын көлiкпен қамтамасыз ете аламыз дегендi айғақтайды», — дедi Асемқан Досқожанов.
Кездесудi қорытындылай келе Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Даниал Ахметов бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiне берген сұхбатында ең алдымен машина жасау саласында ынтымақтасуға мүдделi екенiн жеткiздi.
«Өңiраралық ынтымақтастықтың алғашқы қадамдары жасалды, Өскемен титан-магний комбинаты ПАМЖЗ-ға тапсырыс бердi. Ендiгi кезекте бұл жұмыстарды әрi қарай жандандыру қажет, Солтүстiк Қазақстан облысының тапсырыс қабылдауы ал, Шығыс Қазақстан үшiн Солтүстiк Қазақстан облысының кооперацияда жұмыс iстегенi маңызды. Сондықтан бұл мақсатта облыстар бiр-бiрiн табысты толықтырады. Солтүстiк Қазақстан облысында сапалы ауыл шаруашылығы машиналары жасалатынын бiлемiз. Бiз мұннан финдiк «САМПО» комбайндарын сатып алатын боламыз», — дедi Даниал Ахметов.
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Солтүстiк Қазақстанда қуатты ауыл шаруашылығы кластерiн құру жоспарланғанын атап өттi. Өңiрде трактор, комбайннан бөлек, алдағы уақытта тұқым себетiн машиналар да жасалмақ.
«Бiз Шығыс Қазақстан облысына өсiмдiк майын өндiру үшiн майлы дақылдарды тасымалдау мүмкiндiгiн қарастырудамыз. Шикiзатты тасымалдау арқылы дайын өнiмдi алсақ деймiз. Ауыл шаруашылығы саласында да iргерiлеулiк бар. Бiз осы жылы бес жүз бас iрi қара мал саттық. Бұл бағытта екi өңiрдiң де табысты дамуы үшiн қолда бар қор жеткiлiктi. Бұл жұмыстардың барлығы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады», — деп атап өттi Ерiк Сұлтанов.
Кездесуден соң қонақтар Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпорындарымен танысты. Бiрiншi нысан «Сүтөнiмi» ЖШС болды. Мұнда пастерленген сүттiң 25 түрi өндiрiледi.
Содан соң делегаттар тобы «РимҚазАгро» ЖШС-на барды. Жылдам әзiрленетiн тағам өндiрiсiнде картоп ботқасы мен жылдам даярланатын сорпаның бiрнеше түрi шығарылады.
Сондай-ақ шығысқазақстандықтар өңiрдiң iрi зауытының бiрi «ПАМЖЗ» АҚ-да болды. Мұнда екiжақты ынтымақтастық туралы толық талықлаулар өттi. Шығыс Қазақстан облысының делегаттар тобы жабық хоккей кортымен де танысты.
«Келiсiм мен жасампаздықтың 25 жылы» ұранымен өткiзiлiп жатқан Солтүстiк Қазақстан облысындағы Шығыс Қазақстан облысы күндерi бағдарламасы аясында келушiлер археологиялық артефакт эскпозициясын, «Шығыс Қазақстан суретшiлерi. Уақыт портретiне штрихтар» картинасын, сондай-ақ фотокөрменi тамашалады.
Шығыс Қазақстан облысының Солтүстiк Қазақстандағы күндерi аясындағы кездесу Шығыс Қазақстан облысының шығармашылық ұжымы ұйымдастырған «Алтын Алтай» гала-концертiмен аяқталды. Концерттiк бағдарламада бал және халық биi мен классика, джаз жанрында орындалған әндер көрерменнiң ыстық ықыласына бөлендi.
T. Кіршібаев