- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сол ситуациядан кейін...
"Сол ситуациядан кейін қорқамын". Салтанат Бақаева басынан өткен оқиғасын бөлісті
Актриса Салтанат Бақаева Бота Абдрамановаға берген сұхбатында тойға шыққан кездегі түрлі ситуациялармен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бірде той иесі гонорарын төлемей қойған.
"Өңірлерге барғанда түрлі жағдайға тап боласың. Кейде сол келісілген жерге барып тұрғанда төлем жасамайтын той иелері бар. Сол үшін бізде райдердің нақты мөлшері, шарты жазылған. Той иесі сонда жазылған соманы алдын ала төлейді. Мен содан кейін ғана тойға барамын. Себебі төлемей қоя ма деп қорқамын. Бірде гонорарымды төлемей қойған кез болды. Бұл менің жеке орындаушы ретінде шыққан алғашқы кездерім еді. Әлгі кісі менің танысымның танысы болып шықты. Сол арқылы шығып, гонорарымды алдым. Көбінесе тойларға ағаммен бірге ұшамын. Бір жағы қауіпсіздік, бір жағы өзім де осы ситуациялардан кейін қорқамын", - деді ол.
Сондай-ақ, өнер иесі бір әнді 600 мың теңгеге жазатынын айтты.
"Тойға шығатын әндер арзан тұрады деп айта алмаймын. Бір әннің өзін 150 мың теңгеге аламыз. Одан да қымбат тұрады, таныстардан жеңілдік сұрағанда осы бағаға аламыз. Оны жаздырып, әрлеуге 100-150 мың, кейде 200 мың теңге төлейміз. Кейде гитараның немесе басқа аспаптың дауысын қосқымыз келеді. Бұл да 100 мыңдай тұрады. Сонда қарап тұрсаңыз, 500-600 мың теңге тұрады. Әрбір әнді сатып алғанда "осы хит болады-ау" дейміз. Бірақ олай емес. Қайсысы хит боларын білмейсің", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы