Танымал актриса Фариза Ескермес қазақстандық актрисалардың басты проблемасы туралы айтып, солардың бірі болып қалудан қатты қорқатынын жасырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстанда әйелдерге арналған бір типтегі рөлдер көп. Көбінесе қыздар басты қаһарманның сүйіктісі ретінде ғана көрініс табады. Мен солардың бірі болып қалудан қорқамын", - деді Фариза Ескермес Тимур Балымбетовке берген сұқбатында.
Сонымен қатар актриса рөл таңдағанда кірпияз екенін, көп ұсынысты қабылдай бермейтінін айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!