"Сол қыздардың бірі болып қалудан қорқамын". Жас актриса мансаптағы қорқынышы туралы айтты

"Сол қыздардың бірі болып қалудан қорқамын". Жас актриса мансаптағы қорқынышы туралы айтты
Фото: әлеуметтік желі

Танымал актриса Фариза Ескермес қазақстандық актрисалардың басты проблемасы туралы айтып, солардың бірі болып қалудан қатты қорқатынын жасырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстанда әйелдерге арналған бір типтегі рөлдер көп. Көбінесе қыздар басты қаһарманның сүйіктісі ретінде ғана көрініс табады. Мен солардың бірі болып қалудан қорқамын", - деді Фариза Ескермес Тимур Балымбетовке берген сұқбатында.

Сонымен қатар актриса рөл таңдағанда кірпияз екенін, көп ұсынысты қабылдай бермейтінін айтты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина
Logotype Massaget