- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сол қымызды ҚМДБ...
"Сол қымызды ҚМДБ тексерсе екен". Әнші Еркеш Хасен Ұланғасыр Қамидің ішімдіктен мас болмағанын айтты
Әнші Еркеш Хасен шоу бизнестегі әншілердің ішімдікке қаншалықты жақын екеніне қатысты Massaget.kz тілшісіне пікір білдірді.
Өнерпаз көп өнер адамдарының ішімдік ішетінін бірақ артық әрекетке бармайтынын айтты.
"Білмеймін енді әркім өз денсаулығына өзі жауап береді. Көрген жоқпын деп айтпаймын. Дегенмен қарға қарғаның көзін шұқымайды. Негізі көрдім. Біз адамбыз біз де демаламыз. Мен де өз достарымның ортасында жиналғанда өзіме еркіндік беріп отырғым келеді. Мен тек ішімдік ішкендерін ғана көргенмін. Ал ұнтақ иіскеп немесе химиялық басқа да нәрселерді қолданғанын мен көрген адам емеспін. Оны жалпы сырттай естимін бірақ өз көзіммен көрмегеннен кейін "сыртынан тон пішкім" келмейді. Әркім өз денсаулығына өзі жауап береді", - дейді әнші.
© yernar_almabek
Жақында әнші Ұланғасыр Қамиев ішімдік ішіп көпшіліктің назарын аудартқан еді. Осы оқиғаға орай Еркеш те өз көзқарасын білдірді.
"Ол енді кез-келген адамның басында болатын жағдай. Мен шын өтірігін білмеймін. Продюсерінің жазбасын көрдім. Көріскенде сәлеміміз түзу болған соң алаңдайсың, уайымдайсың. Не болып қалды екен деп, шығармашылығына кесірі тиіп кетпесе екен деп уайым кешесің. Жазғанын көрдім. Адамды масайтатын қымыз деді. Мен енді біреудің кәсібіне кедергім тигені болмасын бірақ мен сол қымызды ішіп көріп менде масайып қалған кезім болды. Себебі шынымен ішіп отырғаның қымыз болса да, ол адамды кәдімгідей сөйлетеді. Сондықтан мен ол кісінің сөзіне сенгім келеді және сол бір қымызды ҚМДБ бір тексергенін қалар едім. Өйткені өзімнің әріптестерімнің сол қымызды ішіп тағы да бір адам опық жеп қалмаса екен абыройына нұқсан келмесе екен деген ниетім, ойым бар. Достарымның арасында да сол сөз болған. Ішетін болсақ үй арасында, студияда ішіп ешқайда шықпай тыныш отырайық деп келіскенбіз", - дейді әнші Еркеш Хасен.
Айта кетейік, Ұланғасыр Қасмиевтің ісі бойынша "Алакөл аудандық полициясына арыз-шағымдар түспегенін хабарлаймыз. Алайда іс жүргізу барысында өнерпаздың мерекелік шарада мас күйінде болғаны расталды (той халал өткен). Қазір құқықбұзушы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабына сәйкес (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген болатын жауапта.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы