Алпамыс Тәтішев Тимур Балымбетовке берген сұхбатында әкесінің қазасы туралы естіген қайғылы күн туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, сол күні қайғылы оқиғаны анасына қоңырау шалған кезде білген.
"Сол күн есімде. Үйге қайттым, анама біреулер хабарласты. Сөйлесіп жатқанда әкемнің жаралы екенін естідім. Жағдай маған белгісіз болды. Себебі не болғанын түсініп те тұрған жоқпын. Біраз уақыт өткен соң анама қайта хабарласты. Анам балконға шығып кетті, мен келесі есіктен барып қарадым. Сонда анамның тізерлеп жылағанын көрдім. Сол сәтте қайғылы оқиға болғанын түсіндім", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!