- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сол кезде ұялдым"....
"Сол кезде ұялдым". Танымал әнші Ақбота Керімбековаға сезімін айтты
Фото:
Фотоскрин
Танымал әнші Рүстем Нұржігіт музыкалық мектепте оқыған кезде Ақбота Керімбекованы жақсы көргенін "Дастархан" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Ақбота Керімбекова екеуі екі жыл бірге оқыған.
"Біз Ақбота Керімбекова екеуміз Алматыдағы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқыдық. Бір партада отырдық. Ақботаны бала кезден ұнататынмын. Ақбота 1-сыныптан бастап, мен 3-сыныптан бастап оқыдым. Екеуміз де фортепиано сыныбында оқыдық. Екі жылдан соң Ақбота кетіп қалды. Сол кезде сезімімді өзім де айта алмайтынмын, ұялатынмын", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы