Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада жүлдегері, боксшы Мұхтархан Ділдәбеков республикалық "Көкпар" федерациясының басшылығына қалай тағайындалғаны туралы "Алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2018 жылы спортшы "Көкпар" федерациясының президенті болып тағайындалды.
"Ол кезде федерацияны Ұлттық спорт қауымдастығын Бекболат Тілеуханов ағамыз басқаратын. Сол жылдары "ақын спортты қалай басқарады?" деген көп дау шығып кетті. Соның ішінде біреулер менің де басқаруымды ұсынып, жазған болу керек. Шымкентте жүргенде Бекболат ағамыз хабарласты. "Көкпар федерацияның президенті болғың келіп жатыр ма?" деп сұрады. "Ағасы, болғым келсе, бірден сізге барып айтамын ғой. "Бол" десеңіз де болмаймын, мұның маған қатысы жоқ. Спорттық көкпарды мен түсінбеймін" дедім. Бірақ ол "сені федерацияның президенті сайлаймыз" деді. Келіспейтінімді айттым. Көп ұзамай көкпардың халықаралық федерациясының президенті Қайрат Сатыбалдыұлы шақырып, "саған сенім артып отырмыз, сені осы орынға қоямыз" деді. Шымкентте тұратынымды айтқанымда, бәрін реттейтініне уәде берді. Келісімімді бердім. Кейін кеңсеге барып, құжаттарымды сұрадым. Бірақ олар "осы жерде тұра берсін, сен барып-келіп жұмыс істесең болады" деді. Сөйтіп, қолыма құжаттарды бермеді. Сол кезде мен күмәндандым", - деді ол.
Спортшының айтуынша, бұл істің астарында басқа себеп болуы мүмкін.
"Халықты басу үшін осындай іске барды ма деп ойлаймын. Себебі, ол жерде үлкен дау болып кетті ғой. Сол үшін 6 федерацияны бөліп, әрқайсысына спортшыларды президент етіп тағайындады. Ал ассоциация президенті болып Бекболат Тілеухан тағайындалды. Ойлана келе "мұның артында көп сұраныс бар" деп ойлап, абыройымнан айырылмауды қаладым. Сөйтіп, бас тарттым", - деді Мұхтархан Ділдәбеков.
Еске салайық, бұған дейін Сабина Алтынбекова ажырасып кетті ме? Спортшының пікір білдіргені туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жүктілік кезінде спортпен шұғылдануға бола ма?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!