"Сол кезде-ақ әлсіреп жатты". Ақтауда тұрғындар қайғылы оқиға қалай болғанын айтты

"Сол кезде-ақ әлсіреп жатты". Ақтауда тұрғындар қайғылы оқиға қалай болғанын айтты
Фото: автор

Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісінің төбесі құлап, салдарынан бір адам қаза тапты. Ол сол шағынауданға қызмет көрсететін пәтер иелері кооперативінің жұмысшысы болып шықты. Ал зардап шеккен екінші адам - оның жұмыстасы. Олар кіреберістің бетоннан құйылған шатырын бұзып жатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиғаны тұрғындар көзімен көрген.

"Жұмысшылар төбесін құлатып жатқан еді. Үстінде үш адам тұрды. Кенет бетон құлап, бір адам астында қалды. Жан-жақтан адамдар жиналып, шығарып алды. Сол кезде-ақ ол әлсіреп жатты. Жедел-жәрдемді ұзақ күттік", - дейді Ақтау қаласының тұрғыны Валерия Фурсина.

"Тұрғын үй инспекциясы" ММ ақпараты бойынша, жоспарлы жұмыстар барысында 9-шағынаудан 4-үйдің кіреберіс күнқағары құлаған. 

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаменті мамандары жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда кіреберіс шатыры құлап, бір адам мерт болғаны, зардап шеккендер бар екені хабарланған болатын. Сонымен қатар, жазатайым оқиға кезінде кім қаза тапқаны белгілі болды.

Сая Мәжитқызы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz