- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Сол кез өте...
“Сол кез өте ауыр тиді“. Мәдина Ералиева туралы құрбысы естелігін айтты
Марқұм әнші Мәдина Ералиева туралы естеліктерді құрбысы Гүлзия Байбосынова "Астарлы ақиқат" бағдарламасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айтуынша, әнші сахнадан жиі шеттетілген.
"Ол 46 жыл ғұмыр кешті. Сол ғұмырының 15 жылын ғана сахнада шалқып ән айтты. 15 жылдың ішінде де үш жылы кем. Себебі оған мен ғана куәмін. Ұлы Абай атамыздың 150 жылдық концерті ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатты. Мемлекеттік деңгейде өтетін концертінен Мәдина алынып тасталды. Одан кейін Қарасай батырдың және Жамбыл Жабаевтың үлкен мерекелік концертінен сызылып, шеттетіліп қалды. Осы кездер оған өте ауыр соққы болды. Жаны жүдеп, алған 200 шаршы метрлік үйінің жөндеу жұмыстарымен айналысып кетті. Жаны жүдеген кезде "күлдірші мені" дейтін. Менің айтқандарыма ішегі қатып күлетін. Бірақ сахнада неге шеттетілгенін білмедім", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы