"Сол баяғы жемқорлық". Тәуекел Мүсілім Олимпиадаға қатысты пікір білдірді

Танымал актер Тәуекел Мүсілім Олимпиадаға қатысты пікір айтып, Қазақстандағы жемқорлықты сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Не дейміз енді... Сол баяғы жемқорлық, сол баяғы тойымсыздар. Ал өзбек ағайындарды шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан мен Өзбекстанның Олимпиададағы нәтижесін салыстырып.

Тәуекел Мүсілім жариялаған ақпарат бойынша Олимпиада нәтижесі бойынша Қазақстан 41-орында, ал Өзбекстан 13-орында тұр. Ал бюджеттен бөлінген шығын көрші өзбек елінде 160 миллион доллар болса, біздің елімізде 660 миллион доллар. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!