- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сөкпейікші". Танымал әнші...
"Сөкпейікші". Танымал әнші Төреғалиды тағы жақтады
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Төреғали Төреәліні тағы да жақтады. Ол өзінің инстаграм парақшасында "Төрешті неге жазғырмаңыздар деп жазғанымды түсіндіргім келеді" деп жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біреулер қарға қарғаның көзін шұқымайды" деп, бізді қарғаға теңеді, біреулер хайп десе, енді біреулер бірге түскен фотоны көре сала жазды-ау деп болжам жасады" деген оқырмандарының пікіріне жауап беріп, ақталғысы келмейтінін айтты. "Төрешті неге жазғырмаңыздар деп жазғанымды түсіндіргім келді" деген ол өзінің жалғыз баласына жанашыр жандардың көмектескенін мысалға келтірді.
"Балам есейе келе, қолымнан келгенше, әсіресе ұл балаларға көп көмек беруге тырыстым. Сол сәттерде, ішімнен жалбарынып:"Баламның алдынан жақсы адамдар шықсыншы" деп сұрайтынмын. Жақсылық жерде қалмайды екен, ағайын. Бүгін көзім жетті! Бүгін, бір қиын ситуацияда, балама жөн сілтеп көмек берді бір әйел. Жай ғана, бұл бір қазақтың баласы ғой, ертең болашағына кедергі болмасыншы деп, ақылын айтып, уақытын бөліп, қолын бір сілтемей, ақыл айтып, менің балама өз баласындай қараған бейтаныс жан. Аман болыңыз", - деп алғысын айтты.
Сонымен қатар әнші бала түгіл, ересектер қателеседі. Пендеміз ғой. Көзге көрінген балаларымыз жақсы адам болсыншы! Жығылғанға да жақсы тілек тілейікші. Өзіміз бала өсіріп отырмыз, ешкімнің баласын жамандамайық, табаламайық, сөкпейікші жақсы адамдаp, деп сөзін түйіндеді.
Айта кетейік біз кеше Төреғалидың бостандыққа шыққанын жазған едік. Сонымен қатар әншіні өзге де әріптестері қолдап, әлеуметтік желіге жазба қалдырған. Ол туралы осы жерден оқыңыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов