- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Соққысы сойқан". Елімізге...
"Соққысы сойқан". Елімізге белгілі балуан кәсіпқой боксқа ауыса ма?
Көптен бері елге көрінбей кеткен белгілі балуан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марғұлан Әсембеков бокспен белсенді шұғылданып жүр. Ол аптасына үш рет жаттығу залына барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Марғұланды Қонаев қаласындағы спорттық жаттығу залында жолықтырудың сәті түсті. Бұл жолы ол күрес кілемінде тер төккен жоқ. Қызық болғанда бокспен айналысатындығын айтты. Қолына былғары қолғап киген спортшы бокс "грушасын" атақты Майк Тайсоннан кем соқпайтынын көрсетті.
"Мен боксты бала күнімнен жақсы көремін. Қолыма былығары қолғап кигізіп, жұдырықтасуды ауылдағы ағаларым үйреткен. Бұл дағды сол кезден бері қалыптасқан. Егер күреске бармағанымда кім білсін, кәсіпқой боксшы болып кетер ме едім... Бірақ, шынымен жарысқа дайындалып, кәсіпқой рингке шыққалы жүр екен деп ойлап қалмаңыз" деді әңгімесін әзілге сүйеген балуан.
Марғұлан Әсембеков 2000 жылдардың басында боз кілемде атой салып, қарсылас шыдатпаған қазақтың алыбы. Жауырыны қақпақтай, батыр тұлғалы балуан талай жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінді. Ол екі мәрте (2005, 2006 жылдары ) Азия чемпионатын жеңіп алды. Әлем кубогында күміс медаль иеленді. Грек-рим күресінен Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы болды. Кейін спортық карьерасын аяқтаған соң бапкерлікке ауысты. Қазір ол Алматы облысында грек-рим күресінің дамуына атсалысып жүр.
Саламат Сабыр
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы