- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Соққыға жығып, орманға...
"Соққыға жығып, орманға апарып тастаған". Көкшетау тұрғыны полицейлер екі бауырын ұрып тастағанын айтты
Ақмола облысының тұрғыны 17 және 18 жастағы бауырларына полиция арнайы бөлімшесінің қызметкерлері шабуыл жасағанын айтты. Қазақстандықтар полиция департаментінде бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрғын бұл үндеуді Kvg_zhivi Instagram-парақшасында жариялады. Қыз бауырларын "Арлан" мамандандырылған және элиталық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ұрып-соққанын айтты. Алайда тергеу жүргізіліп жатқан жоқ, ал полиция басшылығы, қарамағындағылардың әрекеттері үшін жауапкершілікті алмай отыр. Сонымен қатар, қыздың айтуынша, оның отбасына қысым жасалып жатыр.
"Полиция қызметкерлері іссапардан қайтып келе жатқанда Көкшетауға барар жолда апатты жағдай туғызды. Кейін себепсіз, балағат сөздер айтып, інілерімді қала көшелерінің біріне тоқтауды талап етті. Көлік тоқтағаннан кейін, күндіз "Арлан" қызметкерлері, форма кигендер, көліктен шығып, еш себепсіз оларды ұра бастаған, ал біреуін көлік салонына отырғызып алған", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оның айтуынша, әрі қарай қызметкелер екі інсін соққыға жығып болғаннан кейін орманға апарып тастаған. Қазір ағайынды түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Онкологиялық аурумен ауыратын 17 жастағы жігітке қазір ота жасау керек.
Жәбірленуші бастапқыда полицейлер бұл өтінішті қабылдағысы келмегенін айтты. Үндеу авторы екі полицейге қарсы "Бұзақылық" бабы бойынша іс басталғанын айтты, алайда шабуыл жасағандар саны бесеу болған.
Бұл үндеуге Ақмола облысының ПД өкілдері пікір білдірді.
"Полиция қызметкерлері мен екі ағайынды арасындағы жанжалға қатысты ПД қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Төрт қызметкер күдікті деп танылды. Сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Тергеу барысы ҚР ІІМ бақылауында", - деді құқық қорғау органдары.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек