Соққы жеп, зорланған: Талғарда тағы бір жантүршігерлік оқиға болды

Соққы жеп, зорланған: Талғарда тағы бір жантүршігерлік оқиға болды
Фото: elements.envato.com

Алматы облысы Талғар ауданында тағы бір жантүршігерлік оқиға болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде Тұздыбастау ауылында жол жиегінде зорланған қыздың жатқаны туралы ақпарат тарады.

Жәбірленушінің жанынан өтіп бара жатқан куәгер әлеуметтік желіде бұл оқиға туралы айтып берді.

"Қыз жол бойында тұрып, кенет құлап қалды. Оны жол жиегінен көтеріп алдық. Шамамен 9-ға таман 103 бригадасы шақырылды. Артынша қыз ұрып-соғып, зорланған белгілері болды. Кейін ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған, сол қолы тілінген, жарақаттар бар, мойнында тілімдер бар. Алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін 103-ке қоңырау шалдым", - деді қызға көмектескен әйел.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Суровый Талгар (@surovyi_talgar)

Massaget.kz тілшісі бұл жағдайға қатысты Алматы облысы полиция департаментінен пікір алды. 

"Қыз ұрып-соғу және зорлау дерегін жоққа шығарып, арыз беруден бас тартты, алайда полиция өзін-өзі өлтіруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - делінген жауапта. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек