Нефролог Наталия Закураева ісінудің себебі бүйрек аурулары екенін қалай анықтауға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Здоровье" Mail.ru сілтеме жасап.
Ісіну - ағза тіндерінде тым көп сұйықтықтың жиналуынан туындайды. Дененің кез келген аймағы ісуі мүмкін, бірақ көбінесе аяқ ісінеді. Оның себебі әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, бүйрек, жүрек, бауыр, қалқанша без, тамыр.
Егер бүйрек қызметі бұзылса, әдетте аяқ пен көздің айналасы ісінеді. Олар ағзада натрийдің сақталуымен немесе нефротикалық синдроммен байланысты болуы мүмкін. Бұл синдромда ақуыздың едәуір мөлшері - 3 грамнан астам - зәрге кетеді. Бұл қан ақуызының төмендеуіне және сұйықтықтың тамырлардан тіндерге өтуіне әкеп соқтырады.
Ісінудің көрінісі әртүрлі болады:
Бүйрек аурулары жергілікті ісінумен сипатталмайды, яғни егер ісіну асимметриялы болса, дененің бір бөлігінде, бір аяқ, мойын немесе жыныс аймағында пайда болса, онда бұл бүйрекпен байланысты емес.
Бүйрек ауруларының салдарынан ісінген кезде, науқастың қан қысымы жоғарылауы, ентігуі, шөлдеуі мүмкін. Сондай-ақ, мұндай кезде ауру тарихының егжей-тегжейін, күнделікті зәрдің мөлшері, дәрі-дәрмектерді қабылдау, тұзды қолдану мөлшері туралы анықтау маңызды.
Қажет болса, анализдер тағайындалады. Бүйрек ісінуін растау үшін қажет анализдер тізімі:
Ауру тарихы мен анализдердің нәтижесі бойынша ісінудің бүйрекпен байланысы бар-жоғын болжауға болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!