- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ісінудің нақты 4...
Ісінудің нақты 4 себебі
Фото:
pixabay.com
Кей күндері көзіңіз, саусақтарыңыз немесе аяқтарыңыз ісіп тұрады. Дәрігер Айжан Қалдыбекқызы өзінің инстаграм-парақшасында ісінудің негізгі себептерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Адам ағзасы мына себептерден ісінуі мүмкін:
- Жүрек-қан тамырлар ауруынан болуы мүмкін. Яғни жүректегі қанайналымның дұрыс жүрмеуі және өткізгіштігінің жоғарылауы.
- Веноздық, лимпатикалық қан тамырларда да қанайналым нашар болса да, ісікке алып келеді.
- Ісінуге әкелетін тағы бір себеп - ағзаға ақуыздың жетіспеуі, қалыптыдан төмен болуы.
- Өт пен бауырдың қазметіне де баланысты. Нақтырақ айтқанда, детоксикация процесі бұзылып, ағза токсиннен тазара алмағанда ісіну пайда болады.
А. Жапатова"Күнделікті ас мәзіріңізге, қимыл-қозғалысыңызға мән беріңіз. Ісінген кезде зәр айдайтын препараттарды іше беру - көпшілік жасайтын қателік. Ол ағзадан пайдалы элементтерді де айдап шығарады. Сол үшін оларды білікті дәрігермен кеңесіп барып қана ішкен жөн", - деп жазды дәрігер.