Сметовтің үйінің алдына асфальт жедел төселген: Қарашөкеев пікір білдірді

Сметовтің үйінің алдына асфальт жедел төселген: Қарашөкеев пікір білдірді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің үйінің алдына асфальттың жедел төселуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарашөкеевтің сөзінше, Сметовтің ауылында асфальт төсеу былтыр қазан айында жоспарланған көрінеді. 

"Қазір бәріңізге белгілі мемлекеттік сатып алу процесі оңай емес. Сондықтан ол жақта сот процестері жүріп жатқан. Жол жасауды ұтып алған мердігерлер екінші тұрған мердігермен соттасты. Сондықтан асфальт төсеу мәселесі кеш қалды. Негізі шілде айында жол жасап бітуі керек еді", - дейді әкім кулуарда. 

Еске салайық, биыл Елдос Сметов әлем чемпионы атанғаннан кейін үйіне баратын жолға асфальт төселген болатын.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, журналист Исламбек Дастан жазды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Исламбек Дастан (@islambek.dastan)

"Елдос Сметовтің үйіне баратын жолға асфальт төселді. Мақтану емес", - деп жазды ол.

@koremiz_kz #рекомендации #елдоссметов #спорт #дзюдо ♬ Qurmangazy Adai - AIDARBEKOV REMIX

Айта кетейік, Елдос Сметов - 1992 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Каменка ауылында туған.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz