Әлихан Смайылов ресми сапармен Грузияға барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тбилиси әуежайында Үкімет басшысын Грузия премьер-министрінің орынбасары – экономика министрі Леван Давиташвили мен Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мәлік Мырзалин қарсы алды.
Грузия астанасында Әлихан Смайылов ел премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізеді. Оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.
Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!