- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Смайылов нарықтағы жанар-жағармай...
Смайылов нарықтағы жанар-жағармай жағдайына кім кінәлі екенін айтты
Фото:
elements.envato.com
Премьер-министр Әлихан Смайылов нарықтағы жанар-жағармай ахуалы аса күрделі екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Смайылов Үкімет отырысында айтты. Ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесін талқылау барысында Әлихан Смайылов нарықтағы ахуалдың аса күрделі екенін атап өтті.
Үкімет басшысының айтуынша, бұл жағдайға Энергетика министрлігі тиісінше бақылау жүргізбеген. Тыйым салынғанына қарамастан, бензин мен дизель отыны басқа тауарлар ретінде сыртқа шығарылып отырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина