- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Смайылов кімдердің жалақысы...
Смайылов кімдердің жалақысы көтерілгенін айтты
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиын барысында Премьер-министр Әлихан Смайылов та есеп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет азаматтардың табысын арттыру бойынша мынадай шаралар қабылдаған:
- Несиеге қолжетімділікті кеңейту есебінен ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны іске асыру басталды. Оған келесі жылға 70 миллиард теңге бөлу көзделген.
- 5 жыл ішінде осы жобаға 1 миллионнан аса ауыл тұрғынын қамтып, 1 триллион теңге бағыттау жоспарланып отыр.
- Осы жұмыс аясында барлық жеке үй шаруашылығының жартысын кооператив кәсіпкерлікке тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 350 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады деп күтіліп отыр.
Сонымен қатар, Әлихан Смайылов қазір халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы одан әрі іске асырылып жатқанын атап өтті. Оның шеңберінде 3 миллионнан аса адамның жалақысы өскен. Дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға дейін, мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға, бюджет сферасының басқа қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға, өндірістік қызметкерлер жалақысы 10-50 пайыз аралығында көтерілген.
"Бағдарлама аясында биыл 11 айда 563 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл жоспарланған көрсеткіштен 27 пайызға жоғары. Бұдан бөлек, Үкімет азаматтарды жұмыспен қамту бойынша іс-шараларды белсенді іске асырып жатыр. Биыл 830 мыңнан аса адам жұмысқа орналасты, соның ішінде 233 мыңы - жастар", - деді Смайылов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова