Үкімет отырсында Премьер-министр Әлихан Смайылов ел экономикасына қатысты жақсы жаңалықты бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Смайыловтың сөзінше, төрт айдың қорытындысы бойынша, ел экономикасы жақсы өсу қарқынын көрсеткен.
"Жалпы ішкі өнім көлемі былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 5 пайызға өскен. Экономиканың базалық салаларында оң динамика сақталып отыр. Өңдеу өнеркәсібі 5,1 пайызға өскен. Машина жасау - 36 пайыз, оның ішінде автомобиль жасау - 41 пайыз, локомативтер мен вагон өндірісі 64 пайыз өсім тіркеліп отыр. Фармацевтикада өсім - 4 пайыз, жеңіл өнеркәсіп саласы - 35 пайыз, оның ішінде тоқыма өндірісі - 55 пайыз, киім-кешек - 8 пайыз, былғары өнімдерінің өндірісі екі пайызға өскен", - дейді Премьер-министр Үкімет отырысында.
Сонымен қатар, азық-түлік пен минералды өнімдер 8 пайызға, дайын металл бұйымдарын шығару 16 пайызға өскен. Ал мұнай өңдеу 3 пайызға артқан.
"Сондай-ақ электр энергиясын өндіру 6 пайызға ұлғайды. Шкі мұнай мен табиғи газдың кен өндіру көлемін ұлғайту есебінен тау-кен өнеркәсібі 2 пайызға өсті. Құрылыс саласында 15 пайыздан аса өсім байқалды", - дейді Әлихан Смайылов.
Одан бөлек, ауыл шаруашылығы саласында 4 пайыз өсім тіркелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!